“Айша бибі” шипажайы ашылды

36 Для здоровья всех а каждого

Аталмыш кешен бұрын жүйке ауруларын емдейтін  интернат үйі болған. Ғимараттың құрылыс жұмыстарын «Бином Group» ЖШС жүргізді. Жалпы алаңы 4378,0 шаршы метр және 4 корпустан тұратын бұл нысан енді халыққа қалтқысыз қызмет ететін шипажайға айналып отыр. Жаңа кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев қатысып, ғимараттың алқызыл лентасын қиды.

36 Для здоровья всех а каждого2

– Денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл ғимаратқа өзінің бастапқы мақсатты функциясы қайтарылды. Яғни бүгін «Айша бибі» балшықпен емдеу-оңалту санаторийі қайта пайдалануға беріліп отыр. Мемлекеттік бюджеттен санаторий ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 520 млн теңге, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға 354 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

36 Для здоровья всех а каждого3

Шипажай негізінен тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі ауруларын кешенді емдейді. Бұдан бөлек, мұнда түрлі жарақаттан кейінгі оңалту, сауықтыру шараларын жасауға мүмкіндік бар.
– Жаңа медициналық мекемеде медициналық қызметкерлердің жалпы саны 151-ді құрайды, оның ішінде дәрігерлер – 16, ал орташа медициналық қызметкерлер – 30. Терапевт, ортопед, уролог, гинеколог, дәрігер-реабилитолог, стоматолог, УДЗ дәрігері, кардиолог, невропатолог секілді білікті дәрігер мамандарымыз сырқаттарды қабылдау жұмысын жүргізеді. 120 төсекке арналған санаторий Жамбыл облысының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бағытталған, сондай-ақ мұнда тірек-қимыл аппаратының, жүйке жүйесінің, тері, хирургиялық, әйелдер мен еркектердің жыныстық ауруларын кешенді емдеу бойынша қызметтер көрсетіледі, – дейді шипажайдың бас дәрігері Қуатжан Тұрысбеков. Сонымен қатар шипажай бальнеоемдеу, балшықпен емдеу, тұзды ванналар, емдік душтар: циркулярлық және Шарко душы, физиоемдеу, ЛФК, тұзды шахта, кедр бөшкелері емдеу процедураларының сан түрі ұсынылған. Сондай-ақ мұнда облыста теңдесі жоқ буындарды дамытуға арналған Артромот қондырғысы орнатылған. Ал шипажайға келушілердің емдеу курсынан өту ұзақтығы – 13 күн. Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған мұндай ем орталығының ашылғанына аймақ тұрғындары дән риза.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика Web100kz.com - каталог сайтов ARDS.kz работа